Испания, Италия, Германияда кубок жолындағы тартыстар мен Англия ішкі біріншілігінің бірқатар ойындары кеше түнде өтті...
Англия біріншілігі, 26 тур
"Ман Сити" мен "Арсеналды" артта қалдырған лондондық "ақсүйектер", "Ньюкаслды" еш қиындықсыз ұтқан Жозенің шәкірттері кешегі түні "Вест Бромвичпен" 1:1 есебімен тең ойнап қалды. Бұған көпшілік таңғалмайтыны рас, азулы ағылшын командалары бір бүгін ғана орта қол командаларға есе жіберіп отырған жоқ.
Сол арқылы "Ливерпульдан" оңбай таяқ жеген "канонирлердің" турнир кестесіндегі жағдайы жақсара түсті.
Жозенің тәлімгерлерінен ұпайды жырып алған "Вест Бромвич" өткен маусымдағы ерлігін қайталады. Виллиан бұл ойынның тең есеппен аяқталуына себепкер болған жандардың біріне айналды. Дағыстандық клубтың бұрынғы жартылай қорғаушысы өз бөлігін бос қалдырып, Виктор Аничебенің Чех қорғаған қақпадан саңылау табуына жол ашты.
"Челсидің" орталық бөлігі, жартылай қорғаушылары осы күні тым баяу қимылдап, тыңғылықты жұмыс атқара алмады. Жозенің көз алдында командасы ойынның тоқсан минутқа созылатынын ұмытып кеткендей сыңай қалдырды. Дәл осы сөздерді ол журналистерге берген сұхбатында айтып, "Челси" сапынан бірнеше ойыншының осал түскенін айтты.
Өз кезегінде, "Челси" мұндай қателіктерді ендігәрі кешіре алмайды. "Ман Сити" секілді азулы қарсылас тұрғанда ұпай бөлісуге еш жол жоқ. Бундеслига емес, "Бавария" бір ұтылса жарар, өз орнында қала берері анық. Ал АПЛ-да жағдай мүлдем басқаша. Мұнда тең есептің өзі көп нәрсені шешуі мүмкін.
"Вест Бромвич" (Уэст-Бромидж) – "Челси" (Лондон) – 1:1 (0:1)
Голдар: Иванович 45’ – 0:1, Аничебе 87’ – 1:1
"Вест Бромвич": Фостер, Риджуэлл, Макаули, Доусон, Рид, Якоб (Мулумбу 63’), Моррисон, Брант, Амальфитано (Аничебе 73’), Бераино, Бифума (Выдра 78’)
Қосалқы құрам: Гера, Лугано, Майхилл, Дорранс
"Челси": Чех, Иванович, Луис, Кэхилл, Аспиликуэта, Рамирес (Салах 89’), Оскар дос (Оби Микель 78’), Азар, Матич, Виллиан, Это'О (Торрес 69’)
Қосалқы құрам: Коул, Лэмпард, Шварцер, Шюррле
Ескерту: Амальфитано 41’, Якоб 50’, Виллиан 67’, Иванович 76’, Луис 81’, Аничебе 88’, Матич 89’
Төреші: Тэйлор Энтони.
12 ақпан. "Хоуторнс" стадионы (Вест Бромвич).
Испания кубогі, 1/2 финал, қарымта ойын
Бірнеше тур бұрын Испания біріншілігінде көш бастап тұрған, бірақ, кубок жолындағы тартыста "карольдік клубқа" есе жіберіп қойған соң, ішкі біріншілікте күтпеген жерден "Альмерияға" ұтылған "Атлетико" кешегі түні "Реалға" қарсы қарымта ойынға шыққан болатын. Мадридтік бір клубтың басымдылығы бұл ойында еш нәрсені шешпейтін. Себебі, Диего Симеонаның тәлімгерлері өздерінің командалық жинақы ойынымен бәрін өзгерте алатын-ды...
"Реал" ойынның алғашқы минуттарынан-ақ ойын тізгінін өз қолына алды. Анчелоттидің тәртіп-жүйесі мен ойын мәнеріне "карольдік клуб" ойыншылары үйреніп біткен сыңайлы. Сол бір тұста италиялық білікті маманның команданы кез келген бөлікте ойнап, допты алып жүре алатын әмбебап ойыншылардан жасақтап жатқаны айқындалды.
Бұл ойында Лука Модричтің еңбегін атап өткен жөн болар. Хорват жартылай қорғаушысы өз ойын мәнеріменөткен маусымның соңында-ақ негізгі құрамға ілігіп тұратын. Мадридтік клубтың осы маусымдағы басты ойыншыларының бірі десек, қателескендік емес. Роналдудан кейінгі орында, әрине.
Бір айта кетерлігі, "Атлетико" сапында кешегі ойында бразилиялық-испандық Диего Коста қатыса алмады. Орталық бөлікте немістің "Вольфсбург" командасынан сатып алынған Диего бірінші минуттардан өнер көрсетті. Диегоның доп алып жүруге, пас таратуда ептілігі байқалғанмен, ұжымдық ойынға әлі үйренісе қоймағаны көрінді.
Бұл ойынның тағдырын бас қазы шешті. Екі бірдей 11 метрлік айып добы "матрасниктерді" кубок жолындағы тарыстан шеттетті.
"Атлетико" (Мадрид) – "Реал" (Мадрид) – 0:2 (0:2)
Голдар: Роналду 7’ (пенальти) – 0:1, Роналду 16’ (пенальти) – 0:2
"Атлетико": Аранссубия, Алдервейрельд, Хави (Хуанфран 46’), Миранда, Инсуа, Коке, Соса, Марио, Диего (Адриан 46’), Родригес, Гарсия (Габи 61’)
Қосалқы құрам: Буну, Годин, Рубен, Арда
"Реал" Мадрид: Касильяс, Карвахаль, Варан, Рамос (Начо 46’), Арбелоа, Алонсо, Модрич (Касемиро 67’), Ильяраменди, Иско, Бэйл, Роналду (Родригес 75’)
Қосалқы құрам: Бензема, Ди Мария, Пепе, Лопес
Ескерту: Ильяраменди 36’, Арбелоа 43’, Роналду 44’, Миранда80’
Төрешілер: Ундиано Мальенко Альберто.
12 ақпан. "Висенте Кальдерон" стадионы (Мадрид).
Италия кубогі, 1/2 финал, қарымта ойын
"Фиорентина" соңғы сәтке дейін шиеленісіп келген ойынға нүкте қоя алды. "Артемио Франки" стадионында. Өткен ойында "Удинезеге" жеңіліп қалғанына қарамастан, бұл күні бағы жанды.
"Фиалкалар" осы маусымда өздерінің сәтті ойын өрнегімен Чемпиондар Лигасына жолама алуға бір табан жақын тұр. Ал "Удинезе" жартылай финалға дейінгі тартысты жолда екі бірдей миландық грандты артта қалдырғанмен, Франческо Гвидолинаның командасы А сериясының соңында келеді.
"Удинезе" қарсыласқа басымдылық беруге болмайтынын бірінші минуттардан түсініп, сәт сайын ойын ережесін бұзып тұрды. Флоренциялық клуб болса қарсысына қарымта шабуылмен жауап қойырып, екі жолы жеңіспен өз бөліктеріне оралды.
Сонымен, Италия кубогі жолында "Удинезе" таластан шыққанмен, тартыс әлі біткен жоқ.
"Фиорентина" (Флоренция) – "Удинезе" (Удине) – 2:0 (1:0)
Голдар: Паскуаль 14’ – 1:0, Куадрадо 61’ – 2:0
"Фиорентина": Нето, Диаките, Гонсало, Савич (Комппер 60’), Паскуаль, Писарро, Аквилани, Фернандес, Хоакин (Варгас 89’), Куадрадо, Матри (Матос 56’)
Қосалқы құрам: Росати, Иличич, Вольски, Ронкалья, Бакич, Андерсон Луис, Гомес, Лупателли
"Удинезе": Скуффет, Эрто, Данило, Домицци, Видмер, Габриэль (Йебда 90’), Фернандеш, Пинци (Муриэль 57’), Аллан, Перейра, Ди Натале (Лопес 80’)
Қосалқы құрам: Майкосуэл, Келава, Жадсон, Зелински, Налдо, Лаццари, Баста, Агеманг-Баду, Бубнич
Ескерту: Аквилани 58’, Домицци 83’, Муриэль 90’, Куадрадо 90’
Алаңнан қуылу: Домицци 90’, Агеманг-Баду 90’
Төрешілер: Масса Давиде.
12 ақпан. "Артемио Франки" стадионы (Флоренция).
Германия Кубогы, 1/4 финал
Франкфурттың "Айнтрахт" футбол клубы мен Дортмундтық ""Боруссия" арасында ойын нағыз тартысқа толы болды.
"Айнтрахт" бундеслиганың ең мықты командаларының біріне соңғы минуттарға дейін қарсыласты. 83-минутта Пьер-Эмерик Обамеянг соққан жалғыз гол ойын тағдырын шешті.
Дортмундық ұжымның сапында Мхитарян жақсы ойын өрнегімен көзге түсті. Армиян жартылай қорғаушысы дортмундық клубтың барлық дерлік шабуылына қатысып отырды. Юрген Клоптың командасы маусымның екінші бөлігінде дағдарыста жүргендей еді. Соңғы кездесулерде ойын түзеліп, Мхитарян секілді ойыншылар сәтті өнерімен көзге түсіп жүр.
"Айнтрахт" (Франкфурт-на-Майне) – "Боруссия" (Дортмунд) – 0:1 (0:0)
Голдар: Обамеянг 83’ – 0:1
"Айнтрахт": Трапп, Юнг, Замбрано, Мадлунг, Джакпа, Русс, Роде, Флюм (Вайс 84’), Майер, Айгнер, Кадлец (Розентал 46’)
Қосалқы құрам: Шрёк, Видвальд, Инуи, Хоселу, Ланиг
"Боруссия": Вайденфеллер, Пищек, Фридрих, Папастатопулос, Шмельцер, Шахин, Кель, Гросскройц, Мхитарян (Хофманн 89’), Обамеянг (Шибер 90’), Левандовски
Қосалқы құрам: Йойич, Дукш, Кирх, Ланжерак, Сарр
Ескерту: Русс 14’, Папастатопулос 15’, Роде 33’, Флюм 72’, Шмельцер 77’, Обамеянг 90’
Төрешілер: Кирхер Кнут.
11 ақпан. Стадион "Коммерцбанк-Арена" стадионы(Франкфурт).
Автор: Әкежан Дәкен
Сурет: sport-xl.org; footballhd.ru