Рауль "Реалға" қайтып оралуы мүмкін

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Рауль "Реалға" қайтып оралуы мүмкін

«Реал» мен «ПСЖ» клубтары арасында Катарда өткен жолдастық кездесуге арнайы барған «корольдік клуб» президенті Флорентино Перес өзінің бұрынғы ойыншысы Раульге жаңа қызмет ұсынды.

БӨЛІСУ

Перестің жоспары келесідей: Рауль келесі маусымнан бастап мадридтік клубтың спорт бөліміне қызмет етіп, кейін клубта бапкерлік орынға да отырып қалуы мүмкін.

Алайда катарлық «Аль-Садд» командасының шабуылшысы әзірге командада келесі маусымда қалу мәселесін шешпеген көрінеді. Ол соңғы шешімін жанұясымен ақылдасқаннан кейін қабылдайды деп күтілуде.  

Естеріңізге сала кетсек, футболшы мадридтік «Реал» сапында 1994-2010 жылдар аралығында доп тепті. Ол 2010 жылы туған клубына атышулы Жозе Моуринью келгеннен кейін немістің «Шалькесіне» ауысып келген болатын. Ол онда нәтижелі екі маусым өткізді.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: motto.net.ua