Футболдан ел премьер-лигасының ХХІІІ тур ойындары бастау алды. "Шахтер" қонақта "Астананы" жеңсе, "Ордабасы" өз алаңында "Ақтөбеден" басым түсті.
"Астана" - "Шахтер"
Қарағандылық команданың бас бапкері Виктор Кумыков "Астанаға" қарсы екінші құрамда өнер көрсететін ойыншыларын шығарды. Бұл елордалық команданың 3 ұпай иеленуіне берілген мүмкіндік секілді болған. Мұны Йоан Андоне шәкірттері алғашқы минуттардан-ақ байқата білді. 26 минутта "Астана" командасында жүз пайыздық мүмкіндік болды. Алайда ұлттық құраманың шабуылшысы Сергей Остапенконың баспен бағыттаған соққысы қақпа бағанынан қайтты. Осылайша алғашқы таймда есеп ашылмады.
Екінші таймда "кеншілер" командасы есеп ашты. Соңғы кезде қарағандылық ұжымның сапында сәтті ойын өрнегін көрсетіп жүрген Роман Мұртазаев мергендігімен танылды. Араға тағы 5 минут сала жас шабуылшы қақпашымен бірге-бір шыққан болатын, бірақ Роман командасының есепті еселеуіне мүмкіндік алып бере алмады.
69 минутта елордалық команда да есепті теңестіруге тамаша мүмкіндік болған. Алайда Фокси Кетебоама 11 метрлік айып добын орындап, Стас Покатиловтан айласын асыра алмады. Араға бірнеше минут сала Танат Нөсербаев есепті теңестірді. Дегенмен, Йоан Андоне шәкірттерінің қуанышы ұзаққа созылмады. Алаңға жаңадан кірген "кеншілер" командасының көшбасшысы Андрей Финонченко гол соғып, жеңісті өз еншілеріне жазды.
«Астана» — «Шахтер» 1:2 (0:0)
Голдар: Нөсербаев (Кетевоама, 71) — Муртазаев (Боровский, 50), Финонченко (Боровский, 75)
Орындалмаған пенальти: Кетевоама 69 (қақпашы)
Ескертулер: Твумаси 90 — Боровский 23, Абуов 78.
«Астана»: Эрич, Нурдаулетов, Конысбаев (Кетевоама, 46), Дмитренко, Остапенко (Тажимбетов, 76), Игуманович, Бейсебеков, Нөсербаев, Кояшевич (Твумаси, 86), Шахметов, Зелао (к). Запас: Логиновский, Е. Ахметов, Қуат, Сисеро.
«Шахтер»: Покатилов, Абуов, Габышев, Джидич (к) (Малый, 46), Тарасов, Борантаев, Боровский, Байжанов (Каньяс, 67), Дарабаев, Муртазаев, Зенькович (Финонченко, 54). Запас: Ткачук, Жолшорин, Ахмеев, Кустов.
Төрешілер: А. Вишниченко (Қостанай), Е. Попов (Өскемен), А. Горда (Көкшетау).
17 тамыз. Астана. «Астана Арена». 3000 көрермен.
"Ордабасы" - "Ақтөбе"
Владимир Никитенко алаңға команданы толық құрамда шығарды десек те болады. Алаң иелері 3 минутта-ақ қауіп тудыра білді. Азат Нұрғалиевтың баспен бағыттаған добын Жасур Нарзикулов қиындықпен алаң сыртына шығарып үлгерді. Уақыт өте келе қос команда ойыны теңесе бастады. Алғашқы тайм аяқталар тұста Марат Хайруллиннің бағыттаған добын Сергей Григоренко қайтара біліп, команданы құтқарып қалды.
Екінші таймда өзбекстандық шабуылшы Александр Гейнрих екі бірдей мүмкіндігін пайдалана алмады. Шымкенттіктер сапынан Фархадбек Ирисметовтың тепкен добы қақпа бағанын жанай өтті. 68 минутта оң қапталдан Евгений Левиннің асырған пасын Эдин Юнузович қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты.
Араға 10 минут сала бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші болып жеткен Роберт Примус есепті теңестірді. Бірақ қонақтар бұл есепті небәрі 1 минут қана сақтай алды. Данило Белич есепті 2:1-ге жеткізіп, жергілікті командаға жеңіс сыйлады. Кездесу аяқталар тұста Сергей Григоренко командасын бірнеше голдан құтқарып қалды. Осылайша Виктор Пасулько шәкірттері 3 ұпайды иеленді.
«Ордабасы» — «Ақтөбе» 2:1 (0:0)
Голдар: Юнузович 68 (1:0), Примус 79 (1:1), Юнузович 80 (2:1)
Ескертулер: Мвесигва 11, Юнузович 22, Левин 31, Белич 77 — Дяденко 17, Примус 22, Хайруллин 29, Кападзе 76
«Ордабасы»: Григоренко, Адырбеков, Мухтаров, Мвесигва, Бейсенов, Карпович (Бабатунде 85), Ирисметов, Левин, Нургалиев (Лопес 73), Аширбеков (Белич 61), Юнузович
Қосалқы құрам: Отарбаев, Сыдыкбек, Сабиров, Алиев
«Ақтөбе»: Нарзикулов, Мулдаров, Харабара (Лисенков 81), Бадло, Хайруллин, Примус, Дяденко, Арзуманян (Давыдов 71), Ковальчук (Логвиненко 73), Гейнрих, Кападзе
Қосалқы құрам: Павлов, Тагыберген, Балтаев, Аймбетов
Төрешілер: Антонов (Павлодар), Дерцапф (Орал), Богданов (Семей)
17 тамыз. Шымкент. Қажымұқан орталық стадионы. 4000 көрермен.
Автор: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com