Әуежай маңында тұратын тұрғындарға полиция қызметкерлері ескерту жасап жатыр. Әсіресе, баласы бар үй абай болғаны жөн.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әуежай маңында қараусыз жүретін балалар көп көрінеді. Алматы қаласындағы әуежай халықаралық деңгейде болғандықтан, бұл маңда түрлі жайт болуы мүмкін. Түрлі қылмыскер жүруі ықтимал. Тіпті, донорлықпен айналысатын, педифилияға қатысы бар адамдар әуежай маңында жиі жүретін көрінеді. Сондықтан бұл маңда тұратын ата-аналардың мұқият болғаны жөн.
Әуежай қауіпті аймақ саналады. Жазғы демалыста көшеде, далада жүретін балалар көбейеді. Әуежай маңында да бала көбейетін сәт. Сол себепті шілде айында "Демалыс" атты арнайы жедел алдын алу шарасын өткіземіз. Қиын жағдайда не істеу керегін үйретеміз, - дейді Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы полиция майоры Лариса Бектасова.
Оның айтуынша, әуежай – коронавирустың тарауына себепкер аймақ. Коронавирус штам түрлерінің бәрі әуежайдан бастап тарайды. Сондықтан бұл маңда абай болудың тағы бір себебі осы болмақ.