Подольски даулы жазбасы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Мақпал Бисембаева>
Подольски даулы жазбасы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады
Фото ©️ tn.kz

Түріктің "Галатасарай" командасының неміс шабуылшысы Лукас Подольски Чемпиондар лигасының жеребесінен кейін Twitter желісінде Қазақстан туралы жазба жазған еді, ол енді қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

"Борат туралы твитім үшін кешірім сұраймын, бұл тек әзіл болған еді. Қазақстан мен қазақстандықтарды мазақ еткім келмеген", - деді Подольски.

Еске сала кетейік, Подольски Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі тартылған жеребенің қорытындысынан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды: "Ерекше күтемін". Кейін "Борат" деген кейіпкердің суретін қойды. 

Фанаттар футболшының пікіріне наразылық танытты. Кейбірі УЕФА-ға шағым тастауды ұсынса, кейбірі футболшыдан алаңда кек алу керектігін айтты. Сонымен қатар, жанкүйерлер Подольскидің Бораттың кейпіндегі суретін салу идеясын қолдап жатыр. Қазақстандық команданың жанкүйерлері футболшыға твиттерде жауап қатты. Олар спортшының суретін жариялады.

Кейбір қолданушылар Подольскиге Астананың суретін жіберіп, Қазақстанның Бораттың фильміндегідей емес екенін дәлелдеуге тырысып жатыр.

Айта кетейік, түркиялық клубтың жанкүйерлері де Подольскидің әрекетіне жауап қатты: "Польди, мұндай кейіпкердің суретін жариялау саған тән нәрсе емес. Қарсыласқа құрмет көрсету керек, жоғарыдан төмен қарауға болмайды".