Платини: "2010 жылы «Алтын допты» испандықтар алу керек еді"

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Платини: "2010 жылы «Алтын допты» испандықтар алу керек еді"

УЕФА президенті Мишель Платини 2010 жылы «Алтын допты» Хави немесе Иньеста алуы керек еді деп есептейді. Назарларыңызға француздың аты аңызға айналған футболшысының Footbal Espana сайтына берген сұхбатын ұсынамыз.

БӨЛІСУ

- 2010 жылы «қызыл фурия» финалда Нидерланды құрамасын жеңіп, Әлем чемпионы атанды. Сондықтан Хави, немесе финалда гол соққан Иньеста алуы керек еді. Дегенмен Месси алды. Ол – ұлы футболшы.

2013 жылы Месси, Роналду және Рибери басты фавориттер. Үшеуі де – мықтылар санатында. Сондықтан бұл жылы «Алтын доп» иегерін анықтау қиынға соғары анық.

ФИФА марапатқа дауыс беру уақытын неге созды деген сұраққа:

- Дәл сол уақытта Әлем чемпионатының плей-оффтағы Швеция мен Португалия кездесулері өтіп жатқан. Бәлкім Роналдудың көңілін табайын деген шығар - деп әзілдеді де.

Ал «Алтын допты» иеленген футболшы қандай көңіл-күйде болады деген сұраққа:

- Бұл марапатты иелену мақтаныш. Дегенмен, футбол – командалық ойын. Мен «Алтын допты» алғаннан кейін, кеуде керіп, мақтанып кеткенім жоқ. Сондықтан да енді осы атақты иеленетін футболшылардың «жеке ойыншыға» айналып кетпеуін қалаймын - деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетсек, «Алтын допқа» басты үміткер 3 футболшы 9 желтоқсан күні белгілі болады. Ал мараппаттау рәсімі 13 қаңтарда Цюрих қаласында өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru