24-25 тамызда Павлодар қаласында триатлоннан екі күндік республикалық сайыстар өтеді. Триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогының финалы – Қазақстандық Триатлон Федерациясы бастамасымен өткізілетін кәсіби спортшылар арасындағы ұлттық біріншілік. Сонымен қатар, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) спортшылар арасында триатлоннан ҚР Чемпионаты өтеді.
Сайыс "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің, Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар қаласы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек.
Сайыс ұйымдастырушысы: Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы, Қазақстандық Триатлон Федерациясы.
Ақпараттық қолдау: Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитеті, Vesti.kz, WE project Media.
Сайыс мақсаты − Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру, үздік спортшыларды анықтау.
Өткізілетін жарыс аясында кәсіби спортшылар бірнеше қашықтықтарда сынға түсетін болады:
1) Elite санаты (13 жастан жоғары), дисциплина – триатлон, қашықтық – Гундерсен жүйесі бойынша "супер-спринт" (300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру);
2) Elite санаты (18 жастан жоғары), дисциплина – триатлон, қашықтық – "стандартты" (1500 м жүзу, 40 км веложарыс, 10 км жүгіру).
Республиканың түрлі аймақтарынан келген 70 астам кәсіби спортшы қатысды деп күтілуде.
Триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты – халық арасында триатлонды танымал ету және дамыту мақсатында Age Group (әуесқой) санатындағы спортшылар арасында триатлон бойынша өткізілетін ұлттық турнир.
Әуесқой-спортшылар арасында "стандартты" қашықтықтағы сайыс үш кезеңнен құралады: 1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 км жүгіру. 100-ге жуық әуесқой-спортшылар қатыспақ.