Пасулько мен Кумыков татуласты ма?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Пасулько мен Кумыков татуласты ма?

ХХІХ турда «Шахтер» мен «Ордабасы» командаларының бас бапкерлері арасында кикілжің орын алған болатын. Енді қос бапкер оқиға үшін бір-бірінен бұқара алдында кешірім сұрады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Атап айтқанда, В.Пасулько пресс-конференцияда  «Шахтёр» командасына қатысты айтқан сөздері үшін, ал В.Кумыков ұстамдылық таныта алмағаны үшін бір-бірінен және халықтан кешірім сұрады. Шымкенттік команданың бас бапкері Виктор Кумыков атына жазылған арызын қайтарып алды.

Естеріңізге сала кетсек, ел премьер-лигасының ХХІХ тур кездесуінен кейін қос бапкер арасында жанжал орын алған еді. Енді екі команданың бас бапкерлері татуласып, дау-жанжалға нүкте қойды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kff.kz