Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға қандай сый берілгені белгілі болды

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға қандай сый берілгені белгілі болды
Фото ©️ Астана әкімдігі

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысына арнайы сыйлық берілгені туралы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

"Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездестім. Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр! Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанып, финалда украиналық Александр Хижнякқа жол берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!