Паралимпиадада Қазақстан екінші медалін алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Паралимпиадада Қазақстан екінші медалін алды
Фото ©️ inform.kz

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХV жазғы Паралимпиадада Қазақстан құрамасының қоржынына екінші медаль түсті. Пауэрлифтингтен әйелдер арасында 67 келіге дейінгі салмақта Раушан Қойшыбаева күміс жүлдегер атанды.

БӨЛІСУ

Қазақстандық спортшы 113 келіні ырқына бағындырды. Алтын жүлдені 135 келі көтеріп, әлем рекордын орнатқан қытайлық Тан Юяо жеңіп алды. Ал қола медальды 108 келіні еңсерген египеттік Махмуд Амал еншіледі.

Айта кетейік, осыған дейін 100 метрге еркін әдіспен жүзуде Зүлфия Ғабидуллина алтын алған болатын. Қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс медальмен жалпыкомандалық есепте 38-орында тұр. Жарыс 17 қыркүйекте аяқталады.