Пакьяо бокстан кетіп, саясатпен айналысуды жоспарлап отыр

Серікбол Ерсін Корреспондент
Серікбол Ерсін>
Пакьяо бокстан кетіп, саясатпен айналысуды жоспарлап отыр
Фото ©️ tofight.ru

Сегіз категория бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, 37 жастағы филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо (57-6-2, 38 КО) WBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы америкалық чемпион Тимоти Брэдлимен кездесуінің мансабындағы соңғы жекпе-жек екенін мәлімдеді. Боксшылар арасындағы үшінші жекпе-жек 9 сәуірде өтеді. Бұл туралы Vesti.kz спорт сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Бірнеше күн бұрын Пакьяо Philboxing.com басылымына берген сұхбатында Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) боксқа оралатын болса "зейнетке" кетуді кейінге қалдырып, қарымта кездесуге шығатынын мәлімдеді делінеді. 

"Мен ондай мәлімдеме жасаған жоқпын", − деп келтіреді Пакьяоның сөзін BoxingScene.com.  Тимоти Брэдлимен 9 сәуірде өтетін жекпе-жек соңғысы болады. Мен бокстан кетемін, себебі жаңа жұмысыма кірісуім керек". 

Еске салайық, Пакьяо саясат сахнасына шығуды жоспарлап отыр. Ол Сенатқа мамыр айында өтетін сайлауда жеңгісі келеді екен. Филиппиннің промоутері Боб Арум болса, боксшыға мансап жолын аяқтау туралы шешім жасауға асықпауын ұсыныс отыр.

Дереккөз: tengrinews