Сегіз салмақ дәрежесі бойынша экс-әлем чемпионы Мэнни Пакьяо Boxrec жүйесіндегі салмақ дәрежесіне тәуелсіз P4P (Pound for Pound, P4P) рейтингінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді басып озды.
Филиппиндік боксшы жексенбі күні таңда Тимоти Брэдлиді жеңу арқылы рейтингте екінші орынға көтеріліп отыр. Екінші орындағы Тайсон Фьюри үшінші сатыға сырғыса, бірінші орында Сауль Альварес келеді. Сергей Ковалев төртінші орында болса, GGG алғашқы бестікке еніп отыр. Ал Мэнни Пакьяодан жеңілген Тимоти Брэдли 26-орыннан бір-ақ шықты.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 23 сәуір күні кезекті жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы – америкалық Доминик Уэйд.