Өзбектер Олимпиадада жүлде алған шахматшыларға көлік сыйлады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Өзбектер Олимпиадада жүлде алған шахматшыларға көлік сыйлады
Фото ©️ uz.kursiv.media

Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасында қола жүлдегер атанған Өзбекстан құрамасын Ташкентте жанкүйерлер көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, қошемет көрсетті, – деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Салтанатты шарадан кейін жалпы есепте үшінші орын алған ерлер құрамасына сый құрмет жасады. Президент атынан команда құрамында болған Нодирбек Абдусатторов, Нодирбек Якуббоев, Жавохир Синдаров, Шамсиддин Вахидов және Жахонгир Вахидовке BYD Chazor маркалы көлік берілді. Сондай-ақ қаржылай сыйақы да табысталды. 

Олимпиадада Өзбекстан әйелдер құрамасы 12-орыннан көрінді. 

Айта кетейік, Будапеште өткен 45-ші Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы да қатысты. Шахматшы қыздарымыз Үндістанды ғана алға оздырып, күміс жүлдегер атанып қайтты. Алайда арнайы өткізілетін Олимпиада ойындарында жүлде алған отандастарымызға Мемлекет тарапынан сыйақы беру қарастырылмаған. Федерация тарапынан ғана марапатталуы мүмкін.