Өзбекстандық спортшы Рахмонов титулды айқаста жеңілетінін айтты

Manas Корреспондент
Manas >
Өзбекстандық спортшы Рахмонов титулды айқаста жеңілетінін айтты
Фото ©️ UFC

UFC-де өнер көрсеткен өзбекстандық Саидйокуб Кахрамонов ұйымның ең жеңіл дивизионындағы бұрынғы чемпионы Ти Джей Диллашоудың жартылай орта салмақта титулдың қазіргі иегері Белал Мухаммадқа қарата айтқанына пікір білдірді. 

БӨЛІСУ

JAXXON подкастының эфирінде Диллашоу Белал UFC октагонында 4 сағат 17 минут және 38 секунд өткізіп, бірде-бір рет қарсыласын нокдаунға түсірмегенін айтты.

Кахрамонов Диллашоудың өзіне сын тағып, Белал 7 желтоқсандағы титулды айқаста Шавкат Рахмоновты жеңетінін айтты. 

"Бір топ хейтерлер микрофон алдына отырып алыпты, допинг пен қызғанышқа тойып алған. Белал - мен көрген ең еңбекқор адам. Ол Шавкатты жеңеді", - деп жазыпты Саидйокуб твиттерде.