Өзбекстандық спортшы: Халық пен кәсіпкерлерден сыйлық алмаймын, мемлекеттің бергені жетеді

Дина Ибраева Корреспондент
Дина Ибраева>
Өзбекстандық спортшы: Халық пен кәсіпкерлерден сыйлық алмаймын, мемлекеттің бергені жетеді
Фото ©️ nova24.uz

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов Париждегі Олимпиададан кейін қандай сыйлық алғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

1bol.kz сайтының жазуынша, спортшы бұл туралы қазақстандық журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтқан. 

Атақты боксшы мемлекеттің берген сыйлығын қанағат тұтатынын айтқан. Халық пен кәсіпкерлерден сый-сыяпат алмайтынын да ашық жеткізген. Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазыпты.

"Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалоловтан сұхбат алу бұйырды. Сұхбат кезінде мен одан кәсіпкерлер мен халық қандай сыйлық бергенін сұрадым. Ол "мемлекеттен алғаным жетеді, қарапайым халықтан, кәсіпкерлерден алып байып кетпеймін, ол сыйлықты о дүниеге алып кетпеймін, Олимпиаданы екі рет жеңсем, елімнің абыройы үшін жеңдім" деп жауап берді. Ал біздегі жағдай ше? Анау пәтер берді, мынау көлік берді, ат мінгізді деп жазып жатыр. Айналайын алтындарым, сіздер ел намысын қорғауға бардыңыздар ма, әлде дүние жинауға бардыңыздар ма?" – деп сұрақ қойды журналист қазақстандық спортшыларға.

Айта кетейік, Нұрсейіт Жылқышыбайдың Баходир Жалоловпен сұхбаты интернетке әлі шыққан жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!