Өзбекстан құрамасында Жалоловтың орнын кім басады?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Өзбекстан құрамасында Жалоловтың орнын кім басады?
Фото ©️ gazeta.uz

Әуесқой бокстағы аса ауыр салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы атанған өзбек боксшысы Баходир Жалолов кәсіпқой боксқа ауысты. "Енді жаңа чемпион кім болады?" деген сұраққа «Бірінші бол» YouTube арнасына қонаққа келген ұлттық құрама жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов жауап берді.

БӨЛІСУ

Жақында Айбек Оралбай аса ауыр салмаққа ауысты. Ол әлі толық бабына келген жоқ. Соған қарамастан, Шымкенттегі турнирде жеңімпаз атанды. Айбектің артықшылығы ауыр салмақтағы боксшылардың ішінде өте жылдам. Сосын сериялық соққылары көп. Алдағы Азия чемпионатында топ жаруға дайын, - дейді Қайрат Сәтжанов.

Маман Азия чемпионатында Айбекке тағы бір өзбек боксшысы басты қарсылас болуы мүмкін екенін тілге тиек етті.

"Баходир Жалолов боксты қойғанымен, Өзбекстанда ауыр салмақта Жахонгир Зокиров деген тағы бір жас жігіт бар. Жалоловпен спарринг жасап жүріп біраз тәжірибе жинады, Олимпиада ойындарына қатыспаса да, бірге барып жүрді. Деңгейі біраз өскен. Меніңше, алдағы Азия чемпионатында бұл баланы ұтуға шамамыз жетеді. Түсініксіз жайттар болып қалмаса, Айбек оны ұтады деп ойлаймын", - дейді бас бапкер.

Оның сөзіне қарағанда, аса ауыр салмақта жастар арасында елімізде резерв жоқ.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан ұлттық командасының финалдық құрамасы желтоқсан айында өтетін ел чемпионатынан кейін жасақталатыны жайлы осыған дейін жазған едік.