Бокстан Өзбекстан чемпионаты аяқталды. 13 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыста қаны қазақ боксшылар да қатысып, жүлделі орыннан көрінді, - деп хабарлайды massaget.kz сайты.
БӨЛІСУ
Жарысқа қатысқан 15 қазақ боксшы арасынан 5-і жүлделі орыннан көрінді. 63,5 келі салмақта Руслан Абдуллаев жарыс жеңімпазы атанды.
Финалға шыққан Мадияр Сайдрахимов (92 келі) пен Арман Маханов (+92 келі) күміс жүлде алды.
Ал Саят Ілиясов (54 келі) пен Сабыржан Тастанов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.