Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Абдукадир Хусанов ағылшынның "Манчестер Сити" командасына ауысты. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.
20 жастағы футболшының манчестерлік командаға ауысуы тарихи оқиға. Абдукадир ағылшын премьер-лигасында ойнайтын алғашқы өзбек футболшысы атанып отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Манчестер Сити" жас талантты ойыншы үшін Францияның "Ланс" клубына 40 миллион еуро төлеп отыр. Қосымша сыйақы жайы қарастырылған.
Хусанов жаңа командасымен 2029 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Абдукадир "Бунедкор" командасының түлегі. 2022 жылы Беларусь елінің "Энергетик-БГУ" командасына ауысқан. Француз командасы ойыншыны бар болғаны 100 мың еуроға алған.
Биылғы маусымда "Ланс" сапында 13 матч өткізген.