Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды msports.kz cайты.
Ширек финалда Төрехан өзбек боксшысы Акбар Ахмадовпен жұдырықтасты. Қорғаныста мығым, шабуылда ширақ болған қазақ боксшысы айқын жеңіске жетті. Төрешілер шешімімен Төрехан 5:0 есебімен басым болып, қарсыласына мықтылығын мойындатты.
18 жастағы Төрехан Сабырхан жастар мен жасөспірімдер арасында 4 дүркін Азия чемпионы. Ал өзбек Акбар Ахмадов болса әлем чемпионатында қола алған боксшы.
Бүгін күндізгі сессияда шыққан боксшыларымыздың бәрі жеңіске жетті. Әнел Әбдірасылова, Аружан Жаңабаева мен Диас Берікбай жартылай финалда бақ сынайды. Кешкі сессияда 5 боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Кешкі сессия (22:00)
- 60 келі. Толғанай Қасымхан - Беатрис Савискайте (Литва)
- 70 келі. Мария Сидоренко - Гюль Йилмаз (Түркция)
- 81 келі. Аружан Зейноллаева - Анастасия Панина (Ресей)
- 75 келі. Санжар-Әли Бегалиев - Юрисниель Абреу (Куба)
- 92 келі. Расул Ассанханов - Куо Чао (Қытай)