ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - паралимпиадашы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Серік Есматов. Жүргізуші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында мүгедек жандарға көмектескісі келетіні, қайғылы жағдайдан қалай аман қалғаны туралы әңгімелеп, қоғамда өзіне қырын қарайтындарды жиі сезе ме деген сұрақ төңірегінде ой қозғап, паралимпиадашылар үшін ең басты жеңіс өз-өзін жеңу екенін айтады.
Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20.00-де ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалай аласыздар. Сағат 19:30-да "ВКонтакте" әлеуметтік желісі
Tengrinews.kz парақшасынан көре аласыздар.
Жоба серіктесі - ALTEL мобильді операторы.
Жобаның Instagram-дағы ресми парақшасы - erbatyrkz.