Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Алматыда өтіп жатқан халықаралық «Гран-При» турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді. Ол финалда кореялық Джеонг Бо Кеонгты жеңді.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы жарысты екінші кезеңнен бастады. Алдымен Вьетнам елінен келген спортшы Ван Нгог Туды иппонмен жеңді. Кейіннен француз Пайет Латитаны, жартылай финалда украиналық Марина Черниякты ескерту нәтижесі бойынша (шито) жарыс жолынан шығарды. Ал финалда да Джеонг Бо Кеонгтан ескерту нәтижесі бойынша басым түсті.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы мен Моңғолия Республикасының дзюдо федерациясы арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум негізінде Галбадрах Отгонцэцэг еліміздің атынан халықаралық турнирлерге қатысып келеді. Алда Олимпиада ойындарында жүлде күттіріп отырған спортшылардың бірі.