“Осы үшін сазайымызды берді“. Оразов Словениямен матчтағы қателік жайлы айтты

Manas Корреспондент
Manas >
“Осы үшін сазайымызды берді“.  Оразов Словениямен матчтағы қателік жайлы айтты
Фото ©️ ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі Словениямен матч туралы айтып берді. 

БӨЛІСУ

Люблянда өткен кездесуде Станислав Черчесов жаттықтыратын команда 0:3 есебімен ұтылды. 

"Бұл ойын туралы не айтарымды білмеймін. Өзімізден мүлде басқа ойын күттік. Бапкердің қойып бергенін орындамадық. Мұндай жеңілісті қабылдау ауыр. Меніңше, қателікті өзімізден іздеу керек, осы матчті сараптап, қателіктермен жұмыс істеу қажет. Біз бүгін қателеспейтін жерлерде көп қателестік, болмайтын сәттерде. Қарсылас осы үшін сазайымызды берді", - дейді Оразов.