УЕФА-ның ресми сайты Чемпиондар Лигасының ширек финалдық жолығысуларынан кейін аптаның символикалық құрамасын шығарды.
Сол тұста бұл тізімге дортмундық "Боруссияның" үш ойыншысы еніп отыр екен. Олар - Марко Ройс, Матс Хуммельс және Оливер Кирх.
Қақпашы: Икер Касильяс («Реал»).
Қорғаушылар: Филипп Лам («Бавария»), Гари Кэйхилл («Челси»), Матс Хуммельс («Боруссия»), Филипе Луис («Атлетико»).
Жартылай қорғаушылар: Оливер Кирх («Боруссия»), Коке («Атлетико»), Андре Шюррле («Челси»).
Шабуылшылар: Арьен Роббен («Бавария»), Марко Ройс («Боруссия»), Давид Вилья («Атлетико»).
Жеребе тарту рәсімі бойынша, Чемпиондар лигасының жартылай финалында мына командалар кездесетін болды.
"Реал" (Испания) - "Бавария" (Германия)
"Атлетико" (Испания) - "Челси" (Англия)
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: uefa.com