Қазақстанның екінші лигасындағы сегізінші турында "Оңтүстікпен" матч кезінде "Ордабасы" клубының жастар командасы бір-бірімен жаға ұстасып қалды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
"Ордабасы" 0:4 есебімен ұтылып қалды. Үшінші голдан кейін шымкенттік команда ойыншылары бірдеңе бөлісе алмағандай болды да, мәселені жұдырықпен шешуге көшті. Матч төрешісі Абдукадыр Курбанов төбелскен ойыншылар - Тұрар Асанбек, Рысдәулет Аманбай мен Шерхан Асанбекті алаңанан қуып жіберді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!