"Ордабасы" мен "Тобылдың" екінші іріктеудегі қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Ордабасы" мен "Тобылдың" екінші іріктеудегі қарсыласы анықталды
Фото ©️ "Ордабасы" ФК

Футболдан еурокубок ойындарының екінші кезеңіне арналған жеребе тартылды. Чемпиондар лигасында бақ сынайтын "Ордабасы" мен Еуропа лигасындағы "Тобылдың" осы кезеңдегі қарсыласы белгілі болды. 

БӨЛІСУ

Шымкенттік клуб бірінші іріктеу кезеңінде "Петрокубты" жеңіп, екінші кезеңге өтсе, Кипрдің АПОЭЛ клубымен күш сынасады. Алғашқы кездесу 23/24 шілде, ал қарымта кездесу 30/31 шілде өтеді деп күтілуде.

АПОЭЛ елорданың "Астана" командасымен еурокубокта екі рет кездескен команда. 

Қостанайлық клуб Еуропа лигасының бірінші іріктеуінде "Ружомберокты" (Словакия) жеңсе, екінші кезеңде Түркияның "Трабзонспор" командасымен кездеседі. Бірінші матч 25 шілдеге, ал қарымта ойын 1 тамызға жоспарланған.