Өткен маусымда Қазақстан чемпионы атанған "Ордабасы" футбол клубына жаңа бас жаттықтырушы келді. Шымкенттік команданы енді Кирилл Кекер жаттықтырады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады msports.kz.
БӨЛІСУ
45 жастағы маман клубпен келісімшартқа қол қойған және жақын арадағы жаттығуда командаға таныстырылады.
Бұған дейін Кирилл Кекер Алматының "Қайрат" командасын жаттықтырған. 76 матчқа бастап шыққан.
"Ордабасы" командасы биылғы маусымды сәтсіз бастады. Еурокубок ойындарын ерте аяқтады. Команданың нәтижесіне байланысты Александр Седнев қызметінен босатылған еді.