Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының құрамы аргентиналық қорғаушы Пабло Эсекьель Фонтанельомен толықты. Бұл туралы клбутың ресми сайты хабарлады.
Пабло Эсекьель Фонтанельо осыған дейін «Тигре» (Буэнос-Айрес) командасының сапында ойнаған. Жалпы спорттық мансабында ол «Сантьяго Уондерерс» (Чили), «Парма» (Италия), «Тигре», «Химнасия» және «Эсгрима» (Аргентина) секілді клубтарда доп тепкен.
2012 жылы Украинаның «Черноморец» клубына ауысып, Еуропа лигасының бірнеше кездесуіне қатысқан. 2014 жылы клуб сапынан кетіп, Норвегияның «Стабек» командасына ауысқан. Бірақ ол жақта да көп тұрақтай алмай, сол жылы Ресейдің «Урал» клубымен келісімшарт жасаған.
Айта кетейік, «Ордабасы» 2017 жылғы премьер-лига ойындарының І турын өз алаңында өткізеді. Қарсыласы – «Астана» командасы.