"Ордабасы" бірінші ойынды Боснияда өткізетін болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Ордабасы" бірінші ойынды Боснияда өткізетін болды
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан Еуропа лигасының бірінші кезеңінде бір-біріне қарсылас атанған Шымкенттің "Ордабасы" мен Боснияның "Широки Бриег" командалары арасындағы бірінші ойынға өзгеріс енді.

БӨЛІСУ

Жеребе бойынша командалар арасындағы бірінші ойын "Ордабасының" алаңында өтуі тиіс болатын. Команданың Шымкенттегі алаңы (Қ.Мұңайтпасов стадионы) УЕФА лицензиясын алмаған. Сондықтан халықаралық ойындарды өткізуге рұқсаты болмағандықтан, Алматыда өтетіні жайлы хабарлаған едік. Ал сол күні "Қайрат" та "Атлантасқа" қарсы ойын өткізуі керек. Нәтижесінде УЕФА-ның ресми сайтында "Ордабасы" мен "Широки Бриег" командаларының өз алаңында өткізетін ойындары алмасқаны белгілі болды. Бұл туралы босниялық команданың ресми сайты да хабарлады.

Командалар арасындағы бірінші ойын 29 маусым күні Боснияда, қарымта кездесу 6 шілде күні Алматыда өтеді.