Өмір бойына жарыстардан шеттетілген Алексей Ни жазасын жеңілдетіп алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Өмір бойына жарыстардан шеттетілген Алексей Ни жазасын жеңілдетіп алды
Фото ©️ olympic.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасын жаттықтырған Алексей Ни өткен жылдың қараша айында өмір бойына спорттан шеттетілген болатын. Алайда Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) бұрынғы шешімін өзгертіп, жаза мерзімін 4 жыл деп қысқартты, - деп хабарлайды massaget.kz

БӨЛІСУ

Алексей Нидің жазасына қатысты шешім ұлттық құраманың 2008 жылы Пекинде, 2012 жылы Лондонда және 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаларда болған допинг жанжалына қатысты қабылданған болатын.

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкеріне берілген жаза мерзімінің қысқарғанын Қазақстан ауыр атлетика федерациясы sportarena.kz порталына растаған. 

Неге ITA осындай күтпеген әрі сенсациялық қадамға барды? Бұл әзірге белгісіз. 63 жастағы маман апелляцияға беріп, жазасын жеңілдеткен болуы мүмкін.

ІТА Алексейдің ғана емес, туған інісі Виктор Ниге де қатысты шешімін қайта қараған көрінеді. Ол да ұлттық құрамада аға жаттықтырушы болған.