Олимпиадаға қатыспаған Путинцева АҚШ-ғы жарысты жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Олимпиадаға қатыспаған Путинцева АҚШ-ғы жарысты жеңіспен бастады
Фото ©️ ktf.kz

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына жарақатына байланысты қатыспаған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-ғы турнирді жеңіспен бастады.

БӨЛІСУ

Юлия Cincinnati Open WTA 1000 турнирінің 1/32 финалында британиялық Хэрриет Дартты (77) 2:1 (4:6, 6:0, 6:1) есебімен жеңді. Бұл жарыстың жалпы жүлде қоры 3 211 715 долларды құрайды.

Келесі кезеңде әлемнің екінші ракеткасы Кори Гауффпен кездеседі. Бұл ойын 15 тамызға жоспарланған.