Олимпиадаға баратын ауыр атлеттердің есімі белгілі болды

Ербол Жұмабайұлы Корреспондент
Ербол Жұмабайұлы>
Олимпиадаға баратын ауыр атлеттердің есімі белгілі болды
Фото ©️ com.ufv.br

Астана және Текелі қаласында Олимпиада ойындарының алдында Қазақстан ауыр атлетика құрамасының соңғы іріктеу сайысы өтті. 

БӨЛІСУ

Нәтижесінде ауыр атлетикадан Риоға баратын спортшыларымыздың есімдері белгілі болды.

Іріктеу сайысының нәтижесі:

Арли Чонтей ( 56 келіге дейін) 130+155 - IV орын
Фархат Харки ( 62 келіге дейін) 143+184 - II орын
Нижат Рахимов ( 77 келіге дейін) 170+211 - I орын
Айдар Казов ( 77 келіге дейін) 157+200 - VI орын
Кирилл Павлов ( 77 келіге дейін) 158+196 - VII орын
Александр Зайчиков ( 105 келіге дейін) 190+222 - III орын
Ибрагим Берсанов ( 105 келіге дейін) 186+215 - VIII орын
Селімхан Әбубәкіров (105+ келіге дейін) 203+230 - X орын.

Осы рейтинг нәтижесіне қарай  Олимпиада ойындарына мына ауыр атлеттер қатысатын болды.

Әйелдер:

Маргарита Елисеева ( 48 келіге дейін)
Карина Горичева ( 63 келіге дейін)
Жазира Жаппарқұл ( 69 келіге дейін)

Ерлер:
Арли Чонтей ( 56 келіге дейін)
Фархат Харки ( 62 келіге дейін)
Нижат Рахимов ( 77 келіге дейін)
Денис Уланов ( 84 келіге дейін)
Александр Зайчиков ( 105 келіге дейін).

Өкінішке қарай, өздеріңіз тізімді көріп отырғандай бұл тізімде Лондонда топ жарған төрт чемпионымыздың есімдері жоқ. Оларды жақында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг дауынан кейін спорттан уақытша шектеген болатын. Сондай-ақ, Олимпиада ойындарында допинг қолданғаны үшін Қазақстанның екі лицензиясын алып қойған еді.

Сондықтан Рио-де Жанейроға 8 спортшымыз ғана барады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз күн бұрын Ұлттық олимпиадалық комитет зілтемірші Владимир Седовқа Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысу үшін мүмкіндік берген болатын. Алайда ол: «Бас бапкер допинг дауынан кейін не істерін білмей қалды. Енді маған мүмкіндік беріп, бағыңды сынап көр дейді. Спортшы үшін бұдан асқан қандай мазақ керек?! Мен Алексей Нидің сөзіне сенуден қалдым. Алдағы уақытта бір жарысқа қатыссам деп жоспарлап отырмын. Содан кейін спортпен қоштасып, мансабымды аяқтаймын», - деп Риоға бармайтынын мәлім еткен болатын.

Енді жоғарыда аты аталған 8 спортшыдан үміт күтетін боламыз.

Дереккөз: inform.kz