Олимпиадада тарихи жүлде алған спортшы басшылық қызметке тағайындалды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Олимпиадада тарихи жүлде алған спортшы басшылық қызметке тағайындалды
Фото ©️ novoetv.kz

Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилманов Атыраудағы олимпиада резервін дайындау орталығының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды massaget.kz.

БӨЛІСУ

"Жерлесіміз, Олимпиада ойындарының жүлдегері басшылық қызметке тағайындалды. 2025 жылдың 4 ақпанынан бастап Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының "Олимпиадалық резервін дайындау орталығы" КММ директоры болып Чилманов Арман Константинович тағайындалды", - деп хабарлайды Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы.

Арман Чилманов 1984 жылы дүниеге келген. Таеквондодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. Таеквондодан Олимпиада жүлдегері атанған тұңғыш қазақстандық спортшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @atyrau_sport_turizm

Сондай-ақ ол әлем чемпионатының екі дүркін қола (2007, 2009 жылдары), Азия чемпионатының екі дүркін қола (2002, 2008 жылдары), екі дүркін күміс (2010, 2012 жылдары) жүлдегері әрі Азия чемпионы болған. Бұдан бөлек, Арман Шылманов Азия ойындарының үш дүркін қола (2002, 2006, 2010 жылдары) жүлдегері атанған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және "Құрмет" орденінің иегері.

Әр жылдары таеквондодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы, Атырау аймақтық спортты дамыту орталығы директорының орынбасары, Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарған.