Олимпиадада жүлде күткен екі боксшы Шымкенттегі турнирге қатыспайды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Олимпиадада жүлде күткен екі боксшы Шымкенттегі турнирге қатыспайды
Фото ©️ olympic.kz

Бокстан 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкентте Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Оған Қазақстан құрамасының кейбір белді боксшылары қатыспайды, – деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Бұған дейін ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов Шымкенттегі жарысқа Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайдан басқалары қатысады деп айтқан еді. Бүгін белгілі болғандай, бұл жарысқа Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) та қатыспайды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми өкілі Рауан Игенев мәлімдеді. 

Айта кетейік, үш боксшы да Париж Олимпиадасында бақ сынаған болатын. Олардың қатарынан тек Нұрбек Оралбай ғана күміс медальмен оралды. 

Париж Олимпиадасы аяқталған соң бокстан Қазақстан құрамасында үлкен өзгерістер орын алды. Команданың бас бапкері қызметіне Қайрат Сәтжанов келіп, боксшылар алдына жаңа міндеттер мен талаптар қойылуда. Жуырда ғана құраманың жаңа капитаны сайланды. Сондай-ақ кей боксшылар салмақ дәрежелерін ауыстырды. 

Шымкенттегі жарыс қорытындысы бойынша Азия чемпионатына қатысатын боксшылар іріктеледі. Сары құрлықтың басты бокс бәсекесі 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның астанасы Амманда өтеді.