Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев мансап жолын аяқтады, - деп хабарлайды massaget.kz сайты.
БӨЛІСУ
Бұл туралы Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов Pluste bol бағдарламасында айта кетті.
Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасынан кейін шаршы алаңға оралмаған еді.
91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы Олимпиададан бөлек мансабында екі рет Әлем чемпионатының (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021) атанды.