Жеңіл атлет Ольга Рыпакова «Қайрат» пен «Шахтер» арасындағы премьер-лиганың матчын тамашалады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Олимпиада чемпионын ойынға Алматы клубы шақырған екен. Кездесу басталар алдында қазақстандық жеңіл атлетке команданың ойыншылары мен басшылары «Қайраттың» 12 нөмірлі футболкасын табыс етті. Ал үзіліс кезінде О. Рыпакова Қазақстан чемпионатында түрлі жас категориялары бойынша медельдар ұтып алған команданың жас ойыншыларын марапаттады.
Айта кетейік, бұған дейін «Қайраттың» Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчтарын Лондон Олимпиадасының жеңімпаздары Серік Сәпиев пен Илья Ильиндер тамашалаған болатын.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: vesti.kz