Олимпиада чемпионы Айтжанов бокстың "жарығын өшіргенін" айтты

Manas Корреспондент
Manas >
Олимпиада чемпионы Айтжанов бокстың "жарығын өшіргенін" айтты
Фото ©️ Сурет: Сали Сабиров

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазақстандық бокста болуы мүмкін өзгерістер туралы жазды. 

БӨЛІСУ

"Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға үлкен рахмет! Мен бокс туралы жазсам біреудің орнын тартып алайын деп жатыр деп ойбайлайтын хейтерларыма да рахмет! Жазғаным жазған, қоймаймын айта берем!)

Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сатжанов келер...

Дәл қазір бокс тізгінін алуға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық. Мырзекең светін өшіріп, есігін жауып кеткен боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет. Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу да оңай емес. Не де болса қажымас қайрат, үлкен сәттілік тілейік жаңа басшыға!", - деп жазыпты Сәрсекбаев.