Ольга Рыпакова Рио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ольга Рыпакова Рио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Фото ©️ slobodnaevropa.org

Үш қарғып секіруден 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова Қытайдың Шанхай қаласында өткен «Гауһар лига» турнирінде қола жүлде еншіледі. Нәтижесінде отандасымыз 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Шанхайда өткен «Гаухар лига» додасында қазақстандық спортшы 14,38 метрге секірді. Ал Ольганың басты бәсекелестері колумбиялық Катерин Иваргуен 14,85 метрге секіріп, алтын медаль еншіледі. Күміс украиналық спортшы Ольга Саладухаға бұйырды. Ол 14,62 метрге қарғыды.

Қола жүлде – қазақстандық спортшы үшін төменгі нәтиже емес. Себебі, Ольга Рыпакова биылғы жылғы алғашқы халықаралық жарысына қатысты.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова Лондондағы Олимпиадада 14,98 метрге секіріп, чемпион атанған болатын. Ал спорттық мансабындағы ең үздік көрсеткіші – 15,25 метрді құрайды. Қазақстандық спортшы Олипиада ойындарына үшінші рет қатысқалы отыр. 2008 жылы Пекинде 15,11 метрге секіріп, төртінші орын алса, Лондонда чемпион атанған-ды. Қазақстандық жанкүйерлер Ольганың Бразилиядан да жүлдесіз оралмайтынына сеніммен қарайтыны рас.