Қазақстандық жеңіл атлет, үш қарғып секіруден Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ольга Рыпакова Римде өткен "Гауһар лиганың" төртінші кезеңінде үшінші орын алды.
БӨЛІСУ
Қазақстандық спортшының үздік көрсеткіші 14 метр 64 сантиметрді құрады. Бұл – отандасымыздың осы маусымдағы үздік көрсеткіші.
Римдегі төртінші кезеңде венесуэлалық Юлимар Рохас жеңімпаз атанды. Ол 14 метр 84 сантиметрге қарғыды. Күміс медаль 14 метр 78 сантиметрге секірген колумбиялық Катрин Ибаргуэнге бұйырды.
Айта кетейік, үш спортшы да Риодағы Олимпиада ойындарында алғашқы үш орынды өзара бөліскен еді. Тек ол жолы колумбиялық спортшы алтын алса, Ольга Рыпакова қоланы қанағат тұтқан-ды.