Ольга Рыпакова әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ольга Рыпакова әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтті
Фото ©️ m.khabar.kz

Бүгін Қытай елінің астанасы Бейжіңде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталған болатын. Жарыс жолына бірінші болып шыққан отандасымыз Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден финалдық кезеңге жолдама алды. 

БӨЛІСУ

2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 14,33 метрге қарғып, «В» тобында үшінші нәтижемен шектелді. Үздік нәтижені Габриела Петрова (14,44м) көрсетсе, екінші болып финалға Катерина Иваргуен (14,42 м) өтті. Ал «А» тобында украиналық Ольга Саладуха (14,34 м) мен израильдік Анна Князева-Миненко (14,27 м) финалда бақ сынайды. Финалдық кезең 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 17:30 –да басталады.

Үш қарғып секіруден Ольга Рыпаковмен қатар Ирина Эктова да жарыс жолына шыққан болатын. 13,61 метрге секірге отандасымыз финалдық кезеңге өте алмады.

Айта кетейік, Бейжіңдегі әлем чемпионаты 30 тамызға дейін жалғасады. 201 елден 2000-нан астам спортшы қатысып жатқан додада 47 медальдар жиынтығы сарапқа салынуда.