Жеңіл атлетикадан Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатында үш қарғып секіруден отандасымыз Ольга Рыпакова қола жүлдегер атанды.
БӨЛІСУ
Қазақстандық спортшы 14,77 метрге қарғып, үшінші нәтижені көрсетті. Әлем чемпионатының алтын жүлдесі колумбиялық Катрин Ибаргуэнге бұйырса, күмісті Израиль елінен келген спортшы Анна Князев-Миненко иеленді. Ол отандасымыздан 1 сантиметр ғана ұзаққа секірді.
Бүгін 100 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы бәсеке де өтті. Отандасымыз Виктория Зябкина финалдық кезеңге өте алмай қалды.
Айта кетейік, жеңіл атлетикадан Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионаты 30 тамыз күні мәресіне жетеді.