«Оқжетпес» төрт ойыншысымен келісімшартын үзді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Оқжетпес» төрт ойыншысымен келісімшартын үзді
Фото ©️ vesti.kz

Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы төрт бірдей ойыншысымен келісімшартын үзді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Алдағы турлардан бастап Марат Хайруллин, Әлібек Бөлешов, Антон Чичулин мен Александр Кислицын команда сапында өнер көрсетпейтін болады. Ойыншы мен клуб басшылығы екіжақты мәміле бойынша келісімшартты үзген.

- Біз команда намысын қорғаған ойыншыларға алғысымызды білдіреміз. Спорттық мансаптарына сәттілік тілейміз, - деп жазды ресми хабарламада.

Айта кетейік, «Оқжетпес» премьер-лиганың алғашқы алтылығында. Үздік үштікке кіру мүмкіндігі бар. ХХХ турдағы ойынын сырт алаңда 2 қазан күні «Астанаға» қарсы өткізеді.