Нью-Йорктегі қазақстандық полицей Астанада жекпе-жек өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Нью-Йорктегі қазақстандық полицей Астанада жекпе-жек өткізеді

Кәсіпқой бокста бірде-бір жеңіліс көрмеген жерлесіміз Димаш Ниязов (11-0-3, 5 КО) Астанада алғаш рет жекпе-жек өткізеді. Халықаралық ЕХРО көрмесі аясында өтетін кеш оған жақсы мүмкіндік ұсынып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтына 24.kz арнасына сілтеме жасап

БӨЛІСУ

Бокс кеші 9 қыркүйекке жоспарланған. Кештің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (24-0, 19 КО) шаршы алаңға шығады. 

- Бокспен ең алғаш Қазақстанда айналыса бастадым. Жаттықтырушым Нұрғали Сафиуллин болатын. Қазір ол олимпиадалық құраманы дайындайды. Міне, сол жаттықтырушымның арқасында бокс әлеміне жақсылап сіңісе алдым. Қазіргі жеңістерімнің барлығын қазақстандық мектеппен және қанымызда бар қасиетімізбен байланыстырамын, - дейді ол. 

Димаш АҚШ-та жүргенімен, туған жерімен байланысты ешқашан үзген емес. Үнемі елде қалған туыстары және достарымен хабарласып тұрады. Ал бокс кешіне қатысу мүмкіндігі туғанда қуанышында шек болмапты.

- Астанадағы кездесу қыркүйек айында өтеді. Қанат Исламның кездесуі аясында мен де өнер көрсететін болдым. Өте қуаныштымын. Қазір елорда қатты өзгерген. Халықаралық ЕХРО көрмесі өтіп жатыр. Міне, осының аясында мен де қарсыласымды жеңіп, халқыма ерекше әсер сыйлағым келеді, - дейді Ниязов. 

Айта кетейік, Димаш Ниязов Нью-Йоркте тәртіп сақшысы қызметін атқарады және жай ғана полицей емес, бейбіт заманның батыры. Бірнеше рет қауіпті қылмыскерлердің жолын кесіп, арнайы марапат алған.

Димаш Ниязов осыған дейін кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соңғы рет 17 маусым күні Доминика Республикасынан келген боксшы Рамон Геварамен жұдырықтасып, бесінші раундта жеңіп шыққан болатын.