Нұрсұлтан Әбішұлы Головкинге сәттілік тіледі

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Нұрсұлтан Әбішұлы Головкинге сәттілік тіледі

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген боксшы Геннадий Головкинге кезекті кездесуінің алдында сәттілік тіледі. Бұл туралы туралы Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

«Шақырту үшін алғыс білдіремін. Кездесуіңе жеңіс тілеймін. Қазақстандықтар сенімен бірге»,- делінген ҚР Президентінің құттықтау хатында. Арнайы сәлемдемені Геннадий Головкинге Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы тапсырды. Өз кезегінде Геннадий Головкин де «президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қолдауы мен тілегі үшін алғысым шексіз. Маған артылған сенімді ақтауға тырысамын» - деді.

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы кездесу 26 шілде күні Нью-Йорктің 20 мың көрермен сыятын Madison Square Garden кешенінде өтеді. Бокс кешін күллі әлемге америкалық HBO телеарнасы тарататын болады. Сонымен қатар, 100-ге жуық елде бұл былғары қолғап шеберлерінің айқасы көрсетіледі. Ал қазақ елінің көрермендері жерлесінің өнерін 27 шілде күні таңертең «KazSport» және «Қазақстан» ұлттық арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Геннадий Головкин үшін алдағы кездесу өз мансабы жолындағы 30-шысы саналады. Одан бөлек, Гена WBA чемпиондық белбеуін осымен 11-ші мәрте қорғағалы отыр. Гил болса, 31 кездесудің 29-ын жеңіспен аяқтап (15-ін нокаутпен), екеуінде жеңіліс тапқан.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz