Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық спортшы Конор МакГрегор 6 қазан күні өзара жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады.
БӨЛІСУ
Екі спортшы UFC 229 жекпе-жек кешінің басты кездесуінде жолығады. Бұл кеш "Вегас Голден Найтс" хоккей командасының стадионында өтеді.
Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақта чемпиондық атағын алғаш рет қорғайтын болады.
Ресейлік спортшы кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.