Нұрқанат Серікбаев - дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Нұрқанат Серікбаев - дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы
Фото ©️ fdk.kz

Бүгін Алматы қаласында басталған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев алтыннан алқа тақты.

БӨЛІСУ

50 килоға дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Серікбаев алғашқы белдесуінде Беларусь спортшысы Дмитрий Зелянконы ұтса, екінші айналымды моңғол палуаны Мендсайхан Нямсуреннен айласын асырды. Финалда франциялық дзюдошы Валадиер Пикард Ромайнды жеңді.

Алматыдағы "Балуан Шолақ" спорт кешенінде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 29 қыркүйек күні аяқталады. Байрақты бәсекеге 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Жарысқа әлемнің 71 елінен 483 жас татами шебері қатысады.

Ал жарыста бақ сынайтын Қазақстан құрамасы мынадай:

Қыздар: Алима Жұмағалиева (-40 кг), Құндыз Жылқыбай (-44 кг), Диана Буркеева (-44 кг), Аружан Ережепова (-48 кг), Балнұр Абдешова (-48 кг), Айым Жұмағалиева (-52 кг), Аяна Сатқыналиева (-52 кг), Аяулым Қуанышова (-57 кг), Шапағат Даулет (-57 кг), Шынар Өзбекова (-63 кг), Диана Телбаева (-63 кг), Даяна Талғат (-70 кг), Сымбат Дүйсенбай (-70 кг), Мадина Парагулгова (+70 кг);

Ұлдар: Ермахан Амандық (-50 кг), Нұрқанат Серікбаев (-50 кг), Қайыржан Жүнісбек (-55 кг), Аслан Лес (-55 кг), Әділ Марлен (-60 кг), Тілеген Тынарбай (-66 кг), Тайман Нұрғалиев (-66 кг), Атабек Тұрлыбаев (-73 кг), Серікбол Естай (-73 кг), Мұхамедали Мавлидов (-81 кг), Айдар Арапов (-81 кг), Нұрасыл Болат (-90 кг), Қайратбек Сәбит (-90 кг), Жұрқамырза Шүкірбаев (+90 кг) , Бақтияр Сүртебаев (+90 кг).

Айта кетерлігі, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізуге Алматымен (Қазақстан) қатар, Ұлан-Батыр (Моңғолия) мен Әбу-Даби (БАӘ) қалалары үміткер болды.