Нұрдәулет Жұмағали жүзуден Паралимпиаданың күміс жүлдесін жеңіп алды

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Нұрдәулет Жұмағали жүзуден Паралимпиаданың күміс жүлдесін жеңіп алды
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстан паралимпиадалық құрамасының мүшесі Нұрдәулет Жұмағали Париждегі Паралимпиада ойындарында күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Ол 100 метрге брасс  әдісімен жүзуден күміс медаль жеңіп алды (SB13 санаты).

Айта кетейік, финалға дейінгі іріктеуде қазақстандық спортшы Азия рекордын орнатқан еді. 

Жұмағали өз мансабында екінші рет Паралимпиада жүлдесін алып отыр. Токио ойындарында қазақстандық спортшы қола медаль иеленген болатын. 

Бүгінде Қазақстан еншісінде бес медаль бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!