Нұрәлі Әліп гол соққан ойында жарақат алып қалды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Нұрәлі Әліп гол соққан ойында жарақат алып қалды
Фото ©️ видеодан скрин

Ресейдің "Зенит" клубында ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп жарақат алып қалды, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Қазақстандық футболшы "Крылья Советов" командасына қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шықты. 72-минутта бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, баспен гол соқты.

Алайда араға 10 минут сала тобығын қайырып алып, алаңдағы орнын ерте босатты. Жарақат алған сәттің фотосуретін "СБГ Мысли Вслух" Telegram арнасы жариялады. 

Әліптің жантүршігерлік жарақаты (оң аяғының тобығы тайып кеткен). Қазақтың тезірек сауығып, қатарға қосылуын тілейміз, - деп жазды аталған арнаның авторы.

Ойында "Зенит" командасы қонақтарға 2:3 есебімен есе жіберді.