Нұр-Сұлтанда массажға есірткімен төлем жасаған подполковник сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Гүлнара Досымшалова>
Нұр-Сұлтанда массажға есірткімен төлем жасаған подполковник сотталды

Нұр-Сұлтанда полицей гашиш сатқаны және сақтағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - Мassaget.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 соты Сарыарқа аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз сату және сақтау фактісі бойынша айыптау үкімін жариялады.

Т.-ға массаж қызметі үшін 2,1 грамм есірткі заты - гашишпен төлегені үшін (Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 1-бөлігі), сондай-ақ, аса ірі мөлшерде жалпы салмағы 21,76 грамм гашишті заңсыз сақтаған деген айып тағылды (Қылмыстық кодекстің 296-бабы, 3-бөлігі). 

Сотта сотталушының кінәсі массаж қызметін көрсеткен және бұл үшін Т.-дан гашиш алған куәгердің, тінтуге қатысқан куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жасалған әңгімелесу жазбаларымен дәлелденді.

"Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот Т. ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша - 5 жылға бас бостандығынан айыру, ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі бойынша - 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Т. 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ сотталушы полиция подполковнигі арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.