ПСЖ футбол клубының шабуылшысы Неймар "Лилльге" қарсы ойында соққан екінші голын әуе апатынан қаза болған танымал баскетболшы Коби Брайант рухына арнады.
Бразилиялық футболшы 52 минутта пенальтиді сәтті орындап, саусағымен 24 санын көрсетті. Қаза болған атақты баскетболшы "Лос-Анджелес Лейкерс" клубында дәл осы нөмірмен ойнаған еді.
- Ойындағы үзіліс кезінде әлеуметтік желіден келген хаттарды оқып отырғанмын. Кенет Кобидің көз жұмғаны жайлы ақпарды оқыдым. Бұл – баскетбол жанкүйерлері үшін ғана емес, әлем спорты үшін ауыр қайғы. Оның спортқа сіңірген еңбегі орасан. Мен оны таныдым. Осылай құрмет білдіруді парызым деп санадым, - дейді Неймар.
Әйгілі баскетболшы тікұшақ апатынан қаза болды. Бортта 13 жасар қызы мен өзге тағы 7 адам болған. Тірі қалғандар жоқ. Ал тікұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталуда.
Неймар гол соққан ойында ПСЖ "Лилльді" 2:0 есебімен ұтты. Екі голды бразилиялық футболшы өз еншісіне жазды.