Немістерден қандай жеңіс күтеміз?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Немістерден қандай жеңіс күтеміз?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тағы да бір неміс ойыншысымен толықпақ. Бұл жолы Қазақстанның футбол федерациясы 19 жастағы Германияның «Ингольштадт-04» клубының жартылай қорғаушысы Роберт Бауэермен келіссөздер жүргізіп жатыр екен.

БӨЛІСУ

Германияда өнер көрсететін Қазақстан құрамасына ойнауға мүмкіндігі бар футболшылардың есімі 2011 жылы белгілі болған еді. Ол кезде ұлттық құраманы чех маманы Мирослав Беранек жаттықтыратын. Бірнеше ойыншыларға сол уақыттан бастап келісімшарт ұсынылды. Олардың қатарында жақында ғана ұлттық құрама намысын қорғауға мүмкіндік алған Александр Меркель мен 2012 жылдан бері ойнап келе жатқан Константин Энгель де бар еді.

Германияның «Kicker» басылымы таратқан ақпарат бойынша, Роберт Бауэр мен ҚФФ арасындағы келіссөздер қаңтар айының соңында басталған екен. Бірақ футболшының айтуына қарағанда, ол әлі де қай елдің намысын қорғайтын туралы соңғы шешімді қабылдамаған.

Бұл футболшы Германияның жастар құрамасының сапында бірнеше ойын өткізіп үлгерген. Бірақ, Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) заңы бойынша бұл футболшыға ата-анасы дүниеге келген елдің ұлттық құрамасында ойнауына рұқсат беріледі.

Роберт Бауэр – 1995 жылдың 9-сәуірде Пфорцхаймде дүниеге келген. Оның ата-анасы 90-жылдардың соңында Қазақстаннан Германияға көшіп барған екен.

Айта кетейік, бұлардан бөлек Қазақстан құрамасында ойнауға мүмкіндігі бар ойыншылар қатарында Юрий Юдт («Рот Вайсс»), Роман Нойштедтер («Шальке-04»), Вилли Евсеев Нюрнберг»), Макс Кремер Меппен») және Сергей Нойбауэр Кайзерслаутерн-2») сынды футболшылар да бар. Мүмкін, бұл ойыншылар да алдағы уақытта ұлттық құрама сапында доп теппесіне кім кепіл?... 

Сурет: plus.google.com

Оқи отырыңыз

Александр Меркель Қазақстан құрамасы сапында ойнайтын болды

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?

Ерлан Қожағапанов: Қазақстанда әрбір бала футболмен айналысуға мүмкіндік алса деп армандаймын

Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізетін болды